Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі қашан өтеді
Опубликовано:
30, 31 қазан мен 1 қараша күндері Костенко атындағы шахтада жарылыстан қайтыс болған кеншілер жер қойнына тапсырылады. Төтенше жағдайдан 45 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңір әкімдігі мен "АрселорМиттал Теміртау" марқұм кеншілердің туыстарына жерлеуді ұйымдастыруға көмектесуде.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.
Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 29 қазан, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жеткен. Тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Қайғылы жайтқа байланысты 29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
- "Қатаң жазаға тартылуы керек": Серік Ахметов Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді
- Қарағанды облысындағы шахтада апаттан қаза тапқандар саны 45-ке жетті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2043178-qaragandy-oblysynda-qaza-tapqan-kensilerdi-zerleu-rasimi-us-kun-otedi/