Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы 5 шахтада жұмыс қайта жанданды

Жарияланған күні:

шахта
Шахта. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахтасында өндіру процесі қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлады ведомство ресми сайтында.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

ТЖМ министрінің айтуынша, 30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахтасында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) өндіру процестері қайта жанданды.

"Тентек шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізілуде.

"Қазақстан" шахтасында оның қарқынды жұмыс істеуі үшін барлық жұмыс қамтамасыз етілуде және аэрогаз жағдайы бақылауда", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы "АрселорМиттал Теміртаудың" барлық шахтасы жұмысын тоқтатқанын жазған едік.

Айта кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-адамның дене бөлшектері табылғанын мәлімдеген еді.

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043336-qaragandy-oblysyndagy-5-saxtada-zumys-qaita-zandandy/