Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы "АрселорМиттал Теміртаудың" барлық шахтасы жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

Шахта
Шахта. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда Костенко шахтасындағы төтенше жағдайдан кейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының барлық шахтасы бір тәулікке жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің шахталарының жұмысы алдағы тәулікте тоқтатылды.

Осы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізіледі", - делінген компания хабарламасында.

Қарағандының Костенко атындағы шахтасында болған апат

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды. Соңғы ақпарат бойынша қаза тапқандар саны 28 адамға жетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042958-qazaqstandagy-arselormittal-temirtaudyn-barlyq-saxtasy-zumysyn-toqtatty/

pixel