Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда оқушы қызға азғындық жасады деп күдікке ілінген мектеп күзетшісі 15 тәулікке қамалды

Опубликовано:

азғындық
Азғындық әрекеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы Алатау ауданында оқушы қызға азғындық әрекет жасау фактісі бойынша мектеп күзетшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғанын айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиғаны баяндаған әйелдің бейнежазбасы Instagram-дағы танымал пабликтердің бірінде жарияланды. Автордың сөзінше, Алатау ауданындағы №160 мектептің күзетшісі мас күйде 6 сынып оқушысына тиісіп, азғындық әрекетке барған.

"Осы сенбіде күзетші 6 сыныпта оқитын қызға азғындық жасап, қорлай жаздады. Сөзіме дәлел келтіре аламын. Оқиға былай болған. Мұғалім оқушы қызға хабарласып, күзетшіге бір зат қалдырып кететінін айтқан. Оқушы затты алуға келгенде, күзетші мас күйде болған. Менің қолымда оның (күзетшінің - ред. еск.) қызға қалай азғындық жасағаны, сүйгені, өзіне қарай тартып алған сәтінен видео бар. Құдайға шүкір, оқушы қыз оның қолынан сытылып шығып, қашып үлгерген", - дейді автор.

Әйелдің сөзінше, мектеп директоры әлі күнге қыздың ата-анасына хабарласып, мән-жайды сұрамаған. Тек кабинетіне жалғыз келуін өтінген.

"Бүгін күзетшіні 15 тәулікке қамауға алды. Неге? Өйткені жыныстық зорлық болмаған. Түсінесіздер ме? Біз мына жақта шу шығарып жатырмыз. Оқу-ағарту министрлігіне хат дайындап жатырмыз", - дейді ол.

Сондай-ақ автор бұл жайт туралы үш күндей ешкім білмегенін және мұндай жағдай бұрын да болғанын айтады.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 124 бабы 1 бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Ал Алматы қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, күдіктіге қатысты жедел шара қолданылған.

"Аталған дерек бойынша жедел іс-шара қабылданды. №160 мектеп әкімшілігі мектептің қауіпсіздігін бақылау қызметін көрсететін "Алтын әлем групп" ЖШС-не сәйкесінше акт толтырды. Өз кезегінде ЖШС-ға шағым және келісімді бұзу туралы ескерту жолданды", - дейді білім басқармасының ресми өкілі.

Ведомство қазіргі таңда күдікті 15 тәулікке қамалғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043603-almatyda-oqusy-qyzga-azgyndyq-zasady-dep-kudikke-ilingen-mektep-kuzetsisi-15-taulikke-qamaldy/