Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде "Митталдың ашық әңгімесі" деп тарап жүрген жазба рас па

Опубликовано:

Лакшми Миттал
Лакшми Миттал. Фото: NICOLAS MAETERLINCK/Getty Images

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде аты аталмаған журналист пен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының иесі Лакшми Миттал арасында болған сұхбаттың үзіндісі тарап жатыр. Фактчекерлер ақпаратты тексеріп көрді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сұхбат үзіндісінде" Миттал шахтада болған оқиғаның жауапкершілігін өзінен ысырып, ары таза екенін айтады және бәріне "модернизацияға бөлген" қаржыны "өз қалтасына салып алған" жемқор шенеуніктердің ашкөздігі кінәлі деп мәлімдейді.

Журналистің "мұндай психологияның себебі неде" деген сұрағына Миттал "сопылық ортада өмір сүретін адамдарды бір сәтте байып кету туралы ой азғырса, есінен адасып кете жаздайды" деп айтыпты-мыс. Содан кейін сот алдында жауап беруге дайын екенін, бірақ "оған шенеуніктер жол бермейтінін", себебі "жағымсыз фактілер ашылуы мүмкін" екенін мәлімдейді.

Мессенжерде тарап жүрген хабарламадан скриншот
Мессенжерде тарап жүрген хабарламадан скриншот. Фото: Әлеуметтік желі

Алайда factcheck.kz журналистері желіде мұндай сұхбаттың болғанына еш дәлел жоқ екенін айтқан.

"Кілтсөздер бойынша іздеу біз тексерген кезде әлеуметтік желілердегі осы хабарлама сілтемелерін ғана шығарып берді. Қазақстандық және шетелдік БАҚ-та мұндай әңгіме жарияланбаған. Хабарламаның фейк екенін мәтінде сұхбат жүргізілген уақыт, орын көрсетілмегені, Митталмен әңгімелесіп отырған журналистің аты да, жұмыс орны да жазылмағаны жанама түрде айқындап тұр. Мәтінде "АрселорМиттал Теміртау" иесінің атынан басқа маңызды дерек мүлдем жоқ", - дейді фактчекерлер.

АМТ баспасөз қызметі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Таралған хабарлама шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі өкілдері. Бұл туралы stopfake.kz жазды.

Еске салайық, биыл 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі Костенко атындағы шахтада өндіріс кезінде өрт тұтанып, болжам бойынша лавадағы метан жарылған.

Апат салдарынан 46 адам мерт болды. 2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043732-aleumettik-zelide-mittaldyn-asyq-angimesi-dep-tarap-zurgen-zazba-ras-pa/

pixel