Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Костенко шахтасында қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем тағайындалды

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем тағайындады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство келтірген мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болған 46 кеншінің 21-інің асырауындағы адамдар бар. 2 қарашадағы жағдай бойынша қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем тағайындалған.

Марқұмдадың отбасына әлеуметтік қолдаудың мына түрлері көрсетіледі:

  • Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы. Бұл жәрдемақының мөлшері қайтыс болған адамның асырауындағы адамдардың санына қарай айқындалады және олардың ай сайынғы мөлшері 37 322 теңгеден (1 балаға) 111 560 теңгеге дейін (5 балаға) болады. Жәрдемақының бұл түрі бала (8 жасқа дейінгі) күтімімен отырған жұмыс істемейтін аналарға да тағайындалды.
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем. Бұл төлемнің мөлшері қайтыс болған адамның табысы мен оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі негізінде анықталады. Төлемдер мөлшері айына 56 мың теңгеден 272 мың теңгеге дейін.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер балалар 18 жасқа толғанға дейін, ал жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленетінін естеріңізге саламыз", - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ ведомство өкілдері жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер қайтыс болу туралы куәлік негізінде тағайындалатынын атап өтті.

"Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, МӘСҚ және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бақылауында", - деп хабардар етті ведомстводан.

Айта кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-адамның дене бөлшектері табылғанын мәлімдеген еді.

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043824-kostenko-saxtasynda-qaza-tapqan-17-kensinin-balalaryna-zardemaqy-men-aleumettik-tolem-tagaiyndaldy/

pixel