jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде қызылша ауруына байланысты мектептер карантинге жабыла ма

Бетперде таққан оқушылар
Бетперде таққан оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқушылар арасында қызылша ауруының көбеюіне байланысты елімізде мектептер карантинге жабылуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруының көбеюіне жол бермеу үшін бірқатар шара қабылдап жатқанын білесіздер. Мектептерді карантинге жабылу, жабылмауына қатысты шешімді Денсаулық сақтау министрлігі шығарады. Сондықтан біз олардың шешімін күтеміз", - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ NUR.KZ тілшісі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мектептер карантинге жабылуы мүмкін бе деп сұрады.

"Қызылша ауруына байланысты мектептер жабылмайды. Бірақ мектеп басшылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары қызылша ауруы тіркелген кей сыныптарды онлайн оқытуға көшіру туралы шешім қабылдауға құқылы. Бәрі жағдайға байланысты", - деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін сенат отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қызылша ауруының көбеюі Қазақстанда да, басқа елдерде де байқалып отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұған себеп – коронавирус пандемиясына байланысты балалардың қызылшаға қарсы екпені уақытында алмауы.

"Биыл қызылша ауруын жұқтырған 11 мың адам тіркелді. Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы, Жамбыл облыстарында жағдай күрделі.

Бұл аймақтарда халық көп және туу көрсеткіші жоғары. Тиісінше, ол жерлерде ауру жұқтырғандар да көп", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Елімізде қызылша ауруына байланысты мектептер карантинге жабыла ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.