Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімдігі газ тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Автокөлік газын құю құралы
Жанар-жағармай бекетіндегі автокөлік газын құю құралы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада газ тапшылығы мәселесі орын алды. Сұйытылған газдың жетіспеушілігіне жол бермес үшін қалада оны сату бойынша шектеулер енгізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, қазан айында Атырау зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына және "ПМХЗ" ЖШС мен "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ зауыттарының үлкен жүктемесіне байланысты Астанада автогаз тапшылығы мәселесі бар.

"6 қарашадағы жағдай бойынша қалада газ қалдығы 900 тоннаны құрайды. Жолда келе жатқаны – 1476,3 тонна. Оның ішінде бүгін 9 вагон (324 тонна) жеткізілді, 7 қарашада 16 вагон (576 тонна) жеткізіледі деп күтіліп отыр. 7 қарашадан бастап "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ зауыты 25 вагон (900 тонна) газ, 8 қарашада 15 вагон (540 тонна) сұйытылған газ көлемін жөнелтуді бастайды", - делінген ресми хабарламада.

Зауыттардың қызметі, сондай-ақ газды уақытылы жөнелту мен жеткізуді қамтамасыз етуді реттеу мәселесі энергетика министрлігінің, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ құзыретінде.

Сұйытылған газдың жетіспеушілігін ескере отырып, сатушылар автогаз құю станцияларында талондық жүйені енгізу арқылы сату бойынша шектеулер енгізді.

Әкімдік бұл шаралар жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін газ тапшылығын болдырмауға байланысты қолданылатынын хабарлады.

Қазіргі уақытта мәселе тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында, шектеулерді кезең-кезеңімен бір апта ішінде алып тастау жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044395-astana-akimdigi-gaz-tapsylygyna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel