Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар аударды
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Газа секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады", - деді Смадияров баспасөз мәслихаты кезінде.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлім еткендей, президент бұл шешімді түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтқан. Қазақстан үкіметі бөлген қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды.
Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Айбек Смадияров Газа секторында 76 Қазақстан азаматы бар екенін, отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны 161 екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044399-qazaqstan-palestinaga-gumanitarlyq-komek-retinde-1-mln-dollar-audardy/