Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар

Опубликовано:

Израиль, Газа секторы
Газа секторы. Фото: Ahmad Salem/Bloomberg via Getty Images

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторында 76 Қазақстан азаматы бар екенін, отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны 161 екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанның Иорданиядағы және Мысырдағы елшілігі осы елдердің Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі агенттігімен және Халықаралық көші-қон ұйымымен үнемі байланыста.

"1 қарашадағы жағдай бойынша Газа секторынан шетелдіктер мен қос азаматтығы бар палестиналықтарды эвакуациялау басталды. Алайда өкінішке қарай, 4 қарашада шетелдіктер мен жараланғандарды Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы эвакуациялау уақытша тоқтатылды.

Мысыр және Израиль тарапының талабына сай, Рафах арқылы шетелдік азаматтардың өтуі үшін әр елге нақты бір күн белгіленеді. Бұл ретте, өткізу пункті арқылы күніне шамамен 500 адам өте алады. Ал 45-ке жуық елдің елшілігі ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны шамамен 7000 адамды құрайды.

Бүгінде Газа секторында 76 Қазақстан азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны 161", - деді Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілінің сөзінше, Газа секторынан шығу үшін Израиль мен Мысыр тарапынан шетелдіктерге қойылатын белгілі бір талаптар бар.

"Мысыр және Израиль тарапынан шетелдік азаматтардың отбасы мүшелерінің шығуына байланысты белгілі бір талаптар бар. Мысалы, олардың үштен бірі эвакуациялауға келмейді. Олар: кәмелетке толған балалары, ерлі-зайыптылар, немерелері және балаларының жұбайы. Кейбір азаматтарымыз отбасын шығара алмағандықтан, Газа секторынан кете алмауы мүмкін", - деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілі процесті жеделдетіп, қазақстандықтарды Газа секторынан тезірек эвакуациялау үшін барлығын жасап жатқанын мәлімдеді.

"Алайда бәрі бізге байланысты емес. Бүкіл әлем бұл әскери-дипломатиялық дағдарысты шешуге тырысуда. Өз тарапымыздан толықтай дайынбыз. Азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткен бойда арнайы эвакуация ұшағы Каирге ұшады", - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Смадияров Газа секторында отбасы мүшесі Қазақстан азаматы болып саналатын 25-ке жуық жанұя барын айтқан еді.

Кейін Газа секторында Қазақстан азаматы 23 жастағы қызымен бірге қаза тапқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044370-sim-gaza-sektorynda-76-qazaqstandyq-bar/

pixel