jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жел
Көрнекі фото: pixabay.com

7 қараша күні Астана және еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.

7 қарашада Астанада, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Өскемен, Риддер және Семейде болжанып отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қауіптің екінші деңгейі жарияланды.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.