jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Медеу-Шымбұлақ" жолында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы шектелді

"Медеу-Шымбұлақ" жолы
"Медеу-Шымбұлақ" жолы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігі "Медеу-Шымбұлақ" жолының өткізу режимі бекітілгенін және жаяу жүргіншілер мен автомобильдер қозғалысының шектелгенін ескертті, деп хабарлады ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолында осы көктемде құлаған тастардың зардаптарын жою жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған байланысты "Медеу-Шымбұлақ" автожолында өткізу режимі бекітілген еді.

"Жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге қатаң тыйым салынады. Сондықтан студенттік соқпақ арқылы жаяу өту қолжетімді болады.

Электромобиль және такси жүргізушілеріне сағат 09:00-ге дейін және сағат 18:00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. Сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін тек техникалық қызметтердің арнайы көлігіне кіруге рұқсат етіледі. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Өзгерістер туралы қосымша хабарланады", -деп хабарлады әкімдіктен.

Ведомство жоба аясында тастарды түсіру және кедергілерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланғанын мәлім етті.

Қала әкімдігі 2024 жылдың көктемінде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқанын хабарлады.

"Барлық турист пен тұрғыннан өтуге болатын жолдарда абай болуды сұраймыз", - деп ескертті әкімдіктен.

"Медеу-Шымбұлақ" жолында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.