Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққан соң әлеуметтік желіде жазба жариялады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

Кеше ғана бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырды. Ол жазбасында осы уақытқа дейін өзін қолдағандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев кеше, 6 қарашада бостандыққа шықты.

"Кеше үйге келдім. Туғандарым мен жақындарымды көргеніме бақыттымын. Осыған дейін мені қолдаған әрқайсыңызға алғысымды білдіргім келеді. Мені қолдауға бағытталған әр бастаманы және менің атыма айтылған әр жылы сөзді білдім. Айналамда адал, мейірімді және шынайы адамдар барына тағы да көз жеткіздім", - деп жазды Боранбаев.

Ол жақындарына жылы лебіздері мен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үй кешенін өз еркімен мемлекет меншігіне беруге келіскен еді.

Сондай-ақ Қайрат Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған болатын.

Бұдан бөлек, Қайрат Боранбаевтың тағы бірнеше активі мемлекет меншігіне қайтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044588-qairat-boranbaev-bostandyqqa-syqqan-son-aleumettik-zelide-zazba-zariyalady/