Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боранбаев шетелден қайтарылған қаражаттан білім беру қорына 30 млрд теңгеден астам ақша аударды

Опубликовано:

Бума ақша
Бума ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қайрат Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлайды.

"Қайрат Боранбаев өзіне қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында өз еркімен тергеумен ынтымақтасуға ниетті екенін мәлімдеді.

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

Еске салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген болатын", - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, 14,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатын болады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап).

Айта кетелік, бұған дейін Қайрат Боранбаев жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үй кешенін өз еркімен мемлекет меншігіне беруге келіскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041371-boranbaevqa-tiesili-kompaniyalar-bilim-beru-infraqurylymyn-qoldau-qoryna-30-mlrd-tengeden-astam-qarzy-audargan/

pixel