Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаев Астанадағы қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне берді

Опубликовано:

Comfort Hotel Astana қонақ үйі
Comfort Hotel Astana қонақ үйі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен өткізу үшін тиісті өтінімдер берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауда.

"Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді", - делінген хабарламада.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үйдің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда.

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.

Еске салайық, қыркүйекте Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық алқа шешім шығарған болатын. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Кейін Қаржы министрлігі Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлік қайда жұмсалатынынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041191-qairat-boranbaev-astanadagy-qonaq-ui-kesenin-memleket-mensigine-berdi/

pixel