jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Желіде Тоқаевқа қатысты тағы бір фейк жарнама тарады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Әлеуметтік желіде Қазақстан президентінің атынан жаңа жоба туралы жарнама тағы да таратылуда. Бұл – фейк деп, хабарлайды StopFake.kz.

Сайттың жазуынша, Қазнетте қазақстандықтарға 2 млн теңгеден табыс табуға мүмкіндік беретін жаңа жоба туралы баяндалатын видео таратылуда. Роликте президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзенің сөйлеген сөздерінің бейнежазбалары монтаждалған.

Фактчекерлер бұл алаяқтар таратқан фейк екенін анықтаған.

"Бейнеде жалған дыбыс қолданылған. Қазақстан президенті сөзінің үзіндісі оның 2023 жылғы 1 қыркүйектегі парламент палаталарының бірлескен отырысында баяндаған Қазақстан халқына Жолдауының жазбасынан алынған. Ол банкпен бірлескен жаңа қаржылық жоба туралы айтпайды. Жолдаудың толық жазбасы желіде жарияланған.

Михаил Ломтадзенің де таралған хабарламаға қатысы жоқ. Авторлар оның ресми YouTube арнасында жарияланған клиенттерге арналған үндеуін пайдаланған", - дейді фактчекерлер.

Фактчекерлер мұндай роликтер желіде бір жылдан астам уақыт бұрын тарала бастағанын және Kaspi.kz әлеуметтік желілердегі парақшаларында ресми түрде жоққа шығарғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де әлеуметтік желіде Қасым-Жормат Тоқаевқа қатысты фейк жарнама тараған еді.

Желіде Тоқаевқа қатысты тағы бір фейк жарнама тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.