Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір өңірінде сұйытылған газ тапшылығы туындады

Опубликовано:

Жанармай құю бекеті
Жанармай құю бекеті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанай облысында көлік жүргізушілері сұйытылған газ тапшылығына тап болып отыр. Өңір тұрғындарына газдың жетпей жатқандығының себебін облыс әкімдігінің өкілі түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

Облыс тұрғындары әлеуметтік желілерде жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезекке және жалпы газдың жоқтығына шағымданған. Облыс әкімдігі өңірде газ тапшылығы барын растап отыр.

"Газға келетін болсақ, бүгінгі таңда бізде 301 тонна сұйытылған газ бар. Тағы 319 тонна жеткізіледі. Газды 5 мекеме таратады, олардың барлығы оны қолма-қол ақшаға ("Сұйытылған газ базасы" ЖШС-нен басқасы, ол газды талонмен береді) сатады", - дейді Қостанай облыстық ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі Дәурен Асқаров.

Өңірде газ тапшылығы оның қажетті мөлшерде жеткізілмеуінен туындаған.

Басқарма басшысының айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауыты жеткізетін газдың бағасы қымбат. Өйткені Қостанаймен арадағы жол тым қашық (тасымалдаушыларға мүмкіндігінше жақын жерден, айталық Шымкент мұнай зауытынан тасымалдаған тиімді).

"Біз қарашада 4,5 тонна сұйытылған газ жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Оған қосымша тағы газ сұрадық", - дейді ведомство өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Астана әкімдігі Атырау зауытында қазан айында жүргізілген жөндеу жұмыстарына байланысты және "ПМХЗ" ЖШС мен "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ зауыттарында жүктеменің көптігіне байланысты елордада автогаз тапшылығы туындағанын хабарлаған болатын. Сондықтан автогазды сатуға шектеулер енгізу туралы шешім шығарылған еді.

Кейін Тараз бен Петропавлда да автогаз тапшылығы туындағаны белгілі болды.

Ал Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың сөзінше, елімізде сұйытылған газ бағасы бензин бағасымен теңесуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044829-elimizdin-tagy-bir-onirinde-suiytylgan-gaz-tapsylygy-tuyndady/

pixel