Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық спортшы қыздың жұмбақ өлімі: екі полицей қызметінен босатылды

Опубликовано:

Валерия Шальнова
Валерия Шальнова. Фото: lada.kz

Ақтауда екі полицей тәртіптік комиссияның шешімі бойынша қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған Lada.kz хабарлады.

Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованың өлімінен кейін Маңғыстау полициясының өзіндік қауіпсіздік басқармасы лауазымды тұлғалардың өкілеттікті асыра пайдалану дерегі бойынша істі тергеген. Бұдан әрі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген. Ақырында комиссия екі полицейді қызметінен босату туралы шешімге келген.

Ал кісі өлтіру дерегі бойынша іс әлі жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдік келіп, Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеу 3 қазанда басталған, алайда тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында одан әрі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.

Алайда ведомство өкілдері атқаратын лауазымынан босату қызметкерлерді жұмыстан шығаруды білдірмейтінін атап өтті. Бұл Антикор толық тексеруден өткеннен кейін түпкілікті шешім қабылданатынын білдіреді екен.

Еске салайық, Валерия Шальнова 5 шілдеде су қоймасынан өлі табылған еді. Ол ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның екі дүркін чемпионы, бірнеше дүркін ел біріншілігінің жүлдегері. Спорт шеберлігіне үміткер болған. Марқұмның әпкесінің айтуынша, ол жаттықтырушы болып жұмыс істегісі келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044945-aqtaulyq-sportsy-qyzdyn-zumbaq-olimi-eki-policei-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel