Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жұмбақ жағдайда көз жұмған 21 жастағы спортшы қызды жерледі

Опубликовано:

Валерия Шальнова
Валерия Шальнова. Фото: lada.kz

Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованы соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Валерияның денесі 5 шілде күні су қоймасынан табылған еді. Спортшымен қоштасу Ақтаудағы қалалық мәйітханада өтті.

Валерия Шальнова 21 жасында мәңгілік сапарға аттанды. Ол ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның екі дүркін чемпионы, бірнеше дүркін ел біріншілігінің жүлдегері. Спорт шеберлігіне үміткер.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, ол жаттықтырушы болып жұмыс істегісі келген. Спорт және дене шынықтыру факультетінің үшінші курсына өткенде қаза тапты.

Желі қолданушылары Валерияның ақжарқын әрі мейірімді қыз болғанын жарыса жазуда.

Қазіргі таңда Валерия Шальнованың өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2029080-aqtauda-zumbaq-zagdaida-koz-zumgan-21-zastagy-sportsy-qyzdy-zerledi/

pixel