Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден шығып кеткен": Ақмола облысында 22 жастағы әйел іздестірілуде

Опубликовано:

Елена Моисеева
Елена Моисеева. Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында ер адам 22 жастағы жұбайына іздеу жариялады. Степногорск қаласының тұрғыны Елена Моисеева 31 қазан күні үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың 8 қарашасында 23 жастағы жергілікті тұрғын жұбайын іздеуге жәрдемдесу туралы полицияға өтініш жазған. Әйел 2023 жылдың 31 қазанында таңғы сағат 08:00 шамасында үйден шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Оның ұялы телефоны өшірулі. Сол күні бұл өтініш тіркеліп, іздеу шаралары ұйымдастырылған.

Белгілері: бойы 160-165 см, орташа дене бітімді. Шашы қара, қысқа. Көзі қоңыр, мұрны түзу, еріні жұқа, құлағы кішірек келген. Қызғылт сары бас киім, қара түсті қысқа куртка, қара джинсы, қара етік киген. Әйелдің өзімен бірге жасыл түсті сөмкесі бар.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында жоғалып кеткен банк картасынан Астана қаласында сатып алулар жүргізілгені анықталды. Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасып жатыр. Жоғалған туралы ақпарат және бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес аймақтарға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045025-uiden-ketip-qaita-oralmagan-aqmola-oblysynda-22-zastagy-aiel-izdestirilude/

pixel