Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаскелеңде 100 шақты үй тұрғындары біреудің жекеменшігіне өткен жолды ашып беруді талап етті

Опубликовано:

Қаскелең
Қаскелең қаласы. Видеодан кадр: КТК арнасы

Жол азабын тартқан Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғындары ашуға мінді. Айтуларынша, карта бойынша сызылған жолдың бір бөлігі аяқастынан біреудің меншігіне айналған. Әкімдіктегілер жер жекеменшікке заңды немесе заңсыз өткенін айта алмады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Қаскелең қаласының жоғарғы жағындағы үйлер осыдан 10 шақты жыл бұрын салынған. Шамамен 100-ге жуық түтін бар. Қалаға, Алматыға шығатын жалғыз жол осы. Енді алдағы уақытта бұл жол да жан-жағынан жабылып, тұрғындар мүлдем қамалып қаламыз ба деп қорқып отыр. Тұрғындар кезінде өз қаражатына салған жолды осыдан үш ай бұрын біреу қопарып, қақпа салып тастағанын айтады.

"Асфальтты біз төсегенбіз. Енді мына кісілер біздің мемлекеттік актіміз бар деп жауып тастады. Жол былай қарай келу керек. Енді жоқ. Ашып беруін талап етеміз", - дейді тұрғындар.

100-ге жуық отбасы қазір көршісінің учаскесімен өтіп жүрген көрінеді.

"Мына жол төрт көшенің жалғасы. Сонда жалғыз жол. Мектепке де барады. Мектепте 300 бала оқиды. Оларға да жол жоқ, бізге де жоқ. Егер ол кісі жауып тастайтын болса, біз тікұшақпен ұшып жүруіміз керек", - дейді қаскелеңдік Бауыржан Сейітжанұлы.

Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Серік Қамзанов телеарна тілшісіне берген мәліметінде қаланың бас жоспарына 2018 жылы өзгеріс енгізілгенін айтады.

"Сіздердің сұрауларыңыз бойынша мынау біреудің жер телімі жолға түскен. Оның қазір заңдылығын қосымша анықтаймыз. Сәулет, жер қатынастары бөлімі бар, солармен анықтап, қосымша ақпарат береміз. Ал халықтың сұрап отырған, ыңғайсыз туғыздырып отырған жер теліміне біз қазір демеушілердің арқасында тас төсеу, жол тегістеу жұмысын сұрап отырмыз. Осы қараша айының соңына дейін халыққа сол жерді тегістеп, ыңғайлы өтуіне жағдай жасаймыз", - дейді жергілікті билік өкілі.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045053-qaskelende-100-saqty-ui-turgyndary-bireudin-zekemensigine-otken-zoldy-asyp-berudi-talap-etti/

pixel