Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі Павлодарда өтеді
Жарияланған күні:
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі 11 қарашада таңертең Павлодарда өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы марқұмның туысы Instagram желісінде мәлімдеді.
Нүкенованың туысы Айтбек Амангелді Instagram желісіндегі парақшасында онымен бірге түскен фотосын жариялап, марқұммен қоштасу рәсімі қарашаның 11-і сағат 10:00-де Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте өтетінін хабарлады.
Ер адамның жазбасына қатысты жазылған пікірлерге қарағанда, Айтбек марқұмның ағасы болуы мүмкін.
Еске салайық, кеше, 9 қарашада бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада ұсталғанын хабарлады. Экс-министр елордалық мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп ұрып-соққаны айтылды.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел қаза тауып, жарақат алғанын растады. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлер бұл іске қатысы бар адамдардың есімін атамаған. Бишімбаев ұсталғанын бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
Сондай-ақ бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді деген сурет желіде тарағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045176-saltanat-nukenovamen-qostasu-rasimi-pavlodara-otedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.