Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызметінен босатылып, кеншілермен жұмыс жасап жатыр": Қарағанды облысының әкімі Вадим Басин туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Вадим Басин
Вадим Басин. Фото: gov.kz

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг кезінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Онлайн-брифингте Қарағанды облысының әкімі өзінің орынбасары Вадим Басин туралы айтты. Журналистер әкімнен Вадим Басиннің қызмет орны қазір бос па деп сұрады.

"АМТ әдеттегідей жұмыс істеп жатыр, ешқандай өзгеріс болған жоқ. Бұған қатысты премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр да, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қанат Шарлапаев та пікір білдірген болатын, сондықтан менің қосарым жоқ.

АМТ-ны Қазақстан меншігіне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Вадим Басин әкімнің орынбасары қызметінен босатылып, қазір кеншілермен тікелей жұмыс істеп жатыр. Жақын арада оның алдағы мәртебесі қандай болатыны анықталады деп ойлаймын", — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Оның айтуынша, компанияға тиесілі барлық сегіз шахта жұмыс істейтін болады.

"Бүгінде төрт шахта толық жұмыс істеп жатыр, қалған шахталарда түрлі себептермен дайындық жұмыстары жүргізілуде. "Казахстанская" шахтасындағы жұмыс жалғасуда, ал Костенко шахтасында әлі тергеу жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл шахтаның жұмысын қалпына келтіру үшін шамамен тағы 2-2,5 ай қажет. Бірақ шахталарды жабу туралы мәселе көтерілмегенін нық сеніммен айта аламын", — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ кеншілер инвестор ауысқаннан кейін жұмысшылар қысқаруға ілінуі мүмкін деп алаңдауда. Қарағанды облысының әкімі бұл ақпарат рас па деген сұраққа да жауап берді.

"Жаңа инвестор келсе, қысқаруға ілінуі мүмкін бе" деген сауал жиі қойылады. Кеншілер мен металлургтердің жалақысы азаймайды, жұмысшылар қысқаруға ілінбейді. Бұл жай ғана арасында айтылатын әңгіме, мен оның таралуын тоқтатқым келіп отыр. Осы барлық мәселе туралы жаңа инвесторды хабардар етемін. Кеншілердің уайымын түсініп отырмын, сондықтан біз барлық сегіз АМТ шахтасында кеншілермен кездесулер өткізіп, түсіндірме әңгіме өткізген едік", — деп түйіндеді сөзін Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске салайық, Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директорының міндетін атқарушы болған еді. Ол жекеменшік иесі ауысқанымен, қызметкерлердің алдындағы міндеттемелеріне еш әсер етпейтінін айтты.

Қараша айының басында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметте өткен брифингте АМТ-ны қазақстандық инвестор сатып алатынын мәлімдеген болатын.

Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы жарылыс қазанның 27-нен 28-не қараған түні болған еді. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шеккен.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаза тапқан 17 кеншінің балаларына әлеуметтік жәрдемақы мен төлем белгіленгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045265-qyzmetinen-bosatyldy-qaragandy-oblysynyn-akimi-vadim-basin-turaly-pikir-bildirdi/