jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Тұрғындар тарсыл естіген болуы мүмкін": Алматы әкімдігі не болғанын түсіндірді

Қысымды өлшейтін құрылғы
Қысымды өлшейтін құрылғы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін, таңертеңгі уақытта Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты өшіп қалды. Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қазандық қайтадан штаттық режимде жұмыс істей бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, 12 қарашада сағат 09.40-та Бостандық ауданындағы "Южная" қазандығында құрылғы ажырап, электр қуаты аз уақытқа берілмей қалған.

"№3 су жылыту қазандығында қалдық газ-ауа қоспасының тұтануымен автоматика жұмысында ақау болды.

Осы себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарсыл естуі мүмкін", - деп хабарлады әкімдіктен.

Басқарма 10 минуттан кейін жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіре отырып, сорғы қондырғылары іске қосылғанын, қазандық штаттық режимде жұмыс істейтінін мәлім етті.

"Тұрғындар тарсыл естіген болуы мүмкін": Алматы әкімдігі не болғанын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.