jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Қаладағы тұман
Тұман. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 13 қарашада еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 13 қарашада түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және Жезқазған қаласында тұман түсуі ықтимал.

Ертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында және Қарағанды қаласында көктайғақ, сондай-ақ облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады.

Синоптиктер 13-15 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында және Тараз қаласында тұман болады деп болжады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с.

13 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

13 қарашада түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Батыстан соққн жел екпіні 15-20 м/с.

Дүйсенбіде Алматы, Қонаев қаласында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, 13 қарашада күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.