Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте 13 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің екпіні секундына 2,1 метрге жетеді.
Астанада да, синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауады екен. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болатыны айтылған. Күндіз термометр бағаны 12 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с деңгейінде болатыны айтылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045373-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/