jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Антикор басшысының экс-орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Мақсат Қожабаев. Фото
Мақсат Қожабаев. Фото: Шымкент қаласы прокуратурасының ресми сайты

Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Шымкент қаласының бұрынғы прокуроры әрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының экс-орынбасары Мақсат Қожабаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған Мақсат Қожабаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 9 қаңтарда ҰҚК өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевты қамауға алғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары болған еді.

Кейін 2022 жылы 22 сәуірде ол президенттің жарлығымен бұл қызметтен босатылды.

Антикор басшысының экс-орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.