Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сасқалақтап қалдым": БҚО экс-шенеунігі сыйға алған йога төсеніші туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Қаймен Есендияров
Қаймен Есендияров. Фото: gov.kz

Орал қаласы әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты БҚО-да дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қаймен Есендияровқа төсеніш берген йога жаттықтырушысы Маргарита Булдакованың ісін қарап жатыр. Есендияров болған жайт туралы мән-жайды баяндады, деп хабарлайды "Мой город".

Басылым мәліметінше, қызмет үстінде мемлекеттік қызметшіге йога төсенішін сыйлаған Маргарита Булдакова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-бабы ("Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi") бойынша жауапқа тартылған. Бұл бап бойынша 690 мың теңге айыппұл қарастырылған. Алайда әйел бұл жазамен келіскен жоқ.

Сотта белгілі болғандай, Булдакова шенеунікке төсенішпен бірге іс-шара демеушілерінің атынан фирма пышақтарын да сыйға тартқан. Айыпталушы шенеунікке бұл сыйды пакетке салынған қалпында берген.

Сот отырысында Қаймен Есендияров бұл жайттың мән-жайын айтты.

"Сәуір айында Булдакова бізге жүгініп, ресми хат жолдаған. Ол іс-шара өткізу мақсатында "Юность" стадионын беруді өтінді. Біз өтінішін мақұлдадық. 21 маусымда Йога күні өткен кезде Маргарита Булдакова маған йога төсеніші мен екі пышақты ұсынды. Стадионда көп адам болған еді, бәрі суретке түсіріп отырды, мен сасқалақтап қалдым. Берілген сыйлықты жұрт алдында қабылдамау әдепсіздік болып көріне ме деп ойладым. Бұл жайттан кейін сыйлықтарды қызметкерім Аманғалиевке заңды түрде тиісті жерге тапсырсын дедім", - деп түсіндірді Қаймен Есендияров.

Сыйға берілген заттар аукцион арқылы сатылып кеткені анықталды. Аукционда қалалықтардың бірі жеңіске жетіп, йога төсеніші мен пышақтарды 5 833 теңгеге сатып алған.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында шенеунікке сыйлық берген йога жаттықтырушысына айыппұл салынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045668-sasqalaqtap-qaldym-bqo-eks-seneunigi-syiga-algan-ioga-tosenisi-turaly-pikir-bildirdi/

pixel