Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйелін орындықпен ұрған ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Тұрмыстық жанжал. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Түркістан облысында әйелін орындықпен ұрған ер адам әкімшілік құқық бұзғаны үшін сот шешімімен 15 тәулікке қамаққа алынды. Сотта жәбірленуші әйел күйеуінен қатты қорқатынын, күйеуінің озбырлығына ұзақ жыл шыдап келгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 1983 жылы туған Э. есімді азамат өз үйінде әйелін аяғымен теуіп, онымен қоймай орындықпен бірнеше рет ұрып-соққан. Сот отырысында ер адам бұл әрекетіне әйелінің үйге кешігіп келуі себеп болғанын айтқан.

Отырыстан кеш келген әйелдің қасында бөтен адамдардың болуы да күйеуінің ашуына тиген.

Жәбірленуші әйел отырысқа барғаны үшін таяқтың астына қалғанын айтты. 1990 жылы туған келіншектің айтуынша, соның салдарынан жедел жәрдем шақыртып, аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған.

Сонымен қатар жәбірленуші әйел сот барысында күйеуінің үнемі қол көтеретінін, бұл қорлыққа ұзақ жыл шыдап келе жатқанын, сол себепті де күйеуінен қатты қорқатынын айтты. Ерлі-зайыптының 7 жас, 6 жас және 1 жастағы ортақ балалары бар.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы Э. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды", - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045699-turkistan-oblysynda-aielin-oryndyqpen-urgan-er-adam-15-taulikke-akimsilik-qamaqqa-alyndy/

pixel