Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған полиция басқармасының бастығы қамауға алынды

Опубликовано:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облыстық сотынан хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Талдықорған мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2023 жылғы 14 қарашада сот қаулысымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны туралы жазған едік. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045737-taldyqorgan-policiya-basqarmasynyn-bastygy-qamauga-alyndy/

pixel