Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірқатар мәселе бар": министрлік +7 телефон коды бойынша шешім қабылдады

Опубликовано:

Телефон қарап отырған қыз
Телефон ұстаған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның +7 телефон кодына қатысты қабылдаған шешімі туралы айтты. Бұған дейін билік +7 кодын өзгертуді жоспарлаған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік қазіргі уақытта Қазақстан 2006 жылғы келісімге сәйкес Ресей Федерациясымен бірге +7 интеграцияланған халықаралық кодын қолданып жатқанын түсіндірді.

Алайда 2021 жылы Қазақстан үшін жеке код алу мақсатында +997 халықаралық телефон коды резервтелген.

"Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында жаңа кодқа көшудің мүмкін екендігі, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық мәселе бар екені айтылды. Сонымен қатар отандық байланыс операторларының барлық абоненті мемлекеттік және банктік қызметтер, әлеуметтік желілерді және әртүрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңарту қажет. Осыған сәйкес жаңа кодқа өту кезінде қиындықтар болуы мүмкін", - деп хабарлады министрліктен.

Министрлік өкілдері атап өткендей, Халықаралық электр байланыс одағымен қайтадан келіссөздер жүргізілген. +7 кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданған.

Ведомство мәліметінше, сол себепті Ресей Федерациясымен 7-ші әлемдік нөмірлеу аумағының нөмірін пайдалану туралы жаңа келісім жасау мәселесі пысықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045911-zana-kod-boiynsa-birqatar-masele-bar-cifrlyq-damu-ministrligi-7-nomiri-boiynsa-sesim-sygardy/

pixel