Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

CІМ: Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты

Опубликовано:

"Рафах" өткелі
"Рафах" өткелі. Фото: СІМ

Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті.

"Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде", - делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

"Біздің барлық азаматтар Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін үкімет оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045928-cim-gaza-sektorynan-evakuaciyalangan-otandastarymyz-kairge-zetip-qonaq-uige-zaigasty/

pixel