jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Павлодарда былтыр отырғызылған жасыл желек қурап қалған

Ағаштар
Ағаштар. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда былтыр отырғызылған жасыл желектің басым бөлігі бір жыл ішінде қурап қалған. Эколог мамандар бұтақтардың не себепті қурағанын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна ақпараты бойынша, былтыр ипподром аумағында терек, қарағай және татар үйеңкісі сияқты 6 мыңнан аса ағаш отырғызылған. Осылайша жергілікті билік өкілдері қала экологиясын кәсіпорындардан шығатын түтіннен қорғау мақсатында жасыл желек санын көбейту шешімін қабылдады.

Алайда телеарна дерегі бойынша, отырғызылған көптеген жасыл желек қурап қалған. Бұтақтардың шамамен тек 24 пайызы тамыр жая алған. Қоғам белсенділерінің пайымдауынша, оның түрлі себебі болуы мүмкін.

"Әрине, бұлай болуының себебі көп, Ағаш тамырының қаншалықты сапалы екенін біз көрген жоқпыз. Бұтақтарды отырғызғанда топыраққа назар аудармаған шығар. Биыл жаз ыстық болды. Суарылмай қалуы да мүмкін. Әйтеуір ағаш саны көп, сапасы жоқ", — деді эколог маман Марина Поух.

Дереккөз: КТК

Павлодарда былтыр отырғызылған жасыл желек қурап қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.