jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Динара Закиева балалар қауіпсіздігі бойынша заң жобасы әзірленгенін айтты

Динара Закиева
Динара Закиева: facebook.com/dinara.zakiyeva

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева Instagram парақшасында балалар қауіпсіздігі бойынша заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді.

"Құрметті достар! Бүгін Президент ел халқының саны 20 млн адамға жеткенін хабарлады. Бұл жаңа тарихи белгі. 14 қарашада еліміздің 5 кішкентай 20 миллионыншы азаматтары дүниеге келді. Жыл сайын елімізде 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді.

Бүгінгі таңда біздің ортақ және басты міндетіміз - балаларды бақытты, қауіпсіз балалық шақпен қамтамасыз ету.

Осыған байланысты президенттің тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор - балалар" бастамасы іске асырылуда, ол бүгін заңнамалық түрде бекітілді. Ссонымен қатар "Жайлы мектеп" жобасы іске асырылуда, оған сәйкес 369 жаңа мектеп, 50 сауықтыру лагері, 100 спорт және қосымша білім беру нысандары салынуда.

Мемлекеттік байланыс орталығы/Сенім телефоны 111 ашылды. Балалар қауіпсіздігі бойынша заң жобасын әзірледік.

Әрине, әлі де шешілуі керек сұрақтар, міндеттер бар және бұл жерде әрқайсымыздың қатысуымыз маңызды", - деп жазды Динара Закиева.

Динара Закиева балалар қауіпсіздігі бойынша заң жобасы әзірленгенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.