Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Террористік топтың мүшесі делінген күдікті Болгариядан экстрадицияланды

Опубликовано:

Күдікті қамау сәті
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ Интерполының қызметкерлері СІМ жәрдемдесуімен Болгариядан Қазақстан азаматын террористік топтың қызметіне қатысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, күдікті радикал діни ағымның қолдаушысы болып, 2015 жылы Сирия араб республикасының аумағына барып, террористік топтардың бірінің құрамына кірген.

Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланып, биыл мамыр айында ол Болгария аумағында ұсталды.

"Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бас прокуратура күдіктіге айып тағылған қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046100-terroristik-toptyn-musesi-delingen-kudikti-bolgariyadan-ekstradiciyalandy/

pixel