Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су бетінен бу шыққаны көрінеді: Ақтауда жылу желісінде ақау болып, жолдарды су басты (видео)

Опубликовано:

Топан су басқан көлік жолдары
Топан су басқан көлік жолдары. Видеодан кадр: lada.kz

Ақтауда жылу желісінен ыстық су тасыды. Әлеуметтік желіде көлік жолдарын су басқаны түсірілген видео пайда болды. Видеодан тасыған су ыстық болғаны сонша, ауаға бу көтерілгенін көруге болады. Жайтқа қатысты "Каспий жылу, су арнасы" МКК пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым жазуы бойынша, Ақтаудағы 18 бен 18А ықшамаудандарының қиылысында жылу желісінде ақау болған. Куәгерлердің айтуынша, қайнаған су тас жолды түгел басқан.

Куәгерлер тасыған ыстық су көлік жолдарын басып, су бетінен бу бұрқырап шығып жатқанын видеоға түсірген. Сондай-ақ видеода көліктер ыстық су салдарынан көтерілген будың арасынан өтіп жүргенін көруге болады.

Бұл жайтқа қатысты "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны пікір білдірді. Мамандар жылу желісінде ақау шыққанын растады.

"18А ықшамауданындағы 1, 2, 3, 4, 5, 7, 10 мен 20А ықшамауданындағы 21 тұрғын үйде шектеу енгізілген. Инженерлік желілер Ақтау қаласы құрылыс бөлімінің балансында. Жөндеу жұмыстарын кім жүргізетінін әкімдік таңдайды, өзіміз де қосыламыз-ау. Қайткенмен, жылу желісі жөнделеді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қарашаның басында Астанада Қайым Мұхамедханов көшесіндегі су құбыры жарылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046153-su-betinen-bu-syqqany-korinedi-aqtauda-zylu-zelisinde-aqau-bolyp-zoldardy-su-basty-video/

pixel