Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 30-дан астам қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ұсталған күдікті
Ұсталған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында полицейлер Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасады деп күдіктелген ер адамды ұстады. Бұған дейін ол бірнеше рет сотты болған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство ақпараты бойынша, Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері "Киберқылмыспен күреске арналған бағдарлама" жоспарын іске асыру шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын бірнеше рет сотты болған, Қазақстан аумағында бірқатар қылмыс жасады деп күдіктелген 31 жастағы ер адамды ұстады.

"Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген өтіп бара жатқан адамдардан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, қашып кетіп, жасырынатын. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған", – деп жазады Polisia.kz.

Бүгінде полицейлер күдіктінің Түркістан облысында жасалған 10 алаяқтық қылмысы мен 1 автокөлік ұрлау дерегіне қатысы барын дәлелдеді.

Сондай-ақ ер адамға Қызылорда облысында ұрлық жасағаны үшін іздеу жарияланған. Күдіктінің Қылмыстық кодекстің 188 бабы (Ұрлық) және 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Қазақстанның 3 мегаполисі мен 5 облысында жасалған 22 қылмысқа қатысы бары белгілі болды.

Қазір күдікті қамауға алынды. Оның т.б. осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы тексеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046164-turkistan-oblysynda-30-dan-astam-qylmys-zasagan-kudikti-ustaldy/

pixel