jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Көлік жүргізу куәлігіне тапсырылған емтиханда 66 адамның нәтижесі жойылды

Көлік жүргізу куәлігіне емтихан тапсыру сәті
Көлік жүргізу куәлігіне емтихан тапсыру сәті. Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметі

Бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойған. Бұл бір айдағы көрсеткіш, - деп хабарлайды KAZ.NIR.KZ тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз хабарына сілтеме жасап.

Теориялық емтихан тапсыру үшін ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс ережелері күшейгені айтылады. Нәтижесінде, Шымкентте, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында емтихан тапсыру ережелерін бұзған азаматтардың емтихан нәтижелері күшін жойды.

Жаңа жүйенің арқасында Мемлекеттік Корпорацияның мамандары қызметалушылардың емтихан барысында жеке компьютерлерге қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, HDMI сплиттерді қолданғаны туралы деректерді анықтады. Сонымен қатар, қолдануға тыйым салынған құрылғыларды киімнің жеңіне, не электронды құрылғылар орнатылған киіммен кіруге тырысқан.

Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлғаның көмегіне жүгінген. Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты білдіртіп отырған. Жүйе емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын, терезеге жиі назар аударатынын анықтаса, аудиожазба терезе тұстан келген дыбыстарды тіркеген. Нәтижесінде, емтихан нәтижелері есептелмей, күшін жойды.

"Жаңа жүйе биыл, 16 қазан күні Қазақстанның аумағындағы 83 емтихан сыныбына енгізілген. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсырғаны туралы нәтижелер саны екі есеге азайған. Бұл жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы меңгерген азаматтардың алып жатқандығын дәлелдейтін көрсеткіш", - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Ал емтихан нәтижелері жойылған азаматтар емтиханды қайта тапсыруға тек 3 айдан кейін жазыла алады. Осы орайда жыл басынан бері бір миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілген.

Көлік жүргізу куәлігіне тапсырылған емтиханда 66 адамның нәтижесі жойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.