jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда шетелдік операторлардың тағы бір спутниктік интернеті енгізілуі мүмкін

Интернет роутер
Интернет роутер. Көрнекі фото: deepblue4you/Getty Images

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде өткен брифингте ведомство өкілі Қазақстанда Starlink спутниктік интернетінен бөлек, OneWeb пен SES спутниктік желі операторлары іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАМ) жанындағы Сымсыз байланыс жобаларын дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Қабеновтен Қазақстанда жаңа спутниктік интернет операторларының іске қосылуы қазіргі жұмыс істеп жатқан байланыс операторларына қысым көрсетілуі мүмкін бе деп сұрады.

"Операторларымызға қысым көрсете ме дегенге келетін болсақ, бұл, керісінше, бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді, өйткені интернет қолжетімді болады. Starlink-тен бөлек, OneWeb пен SES сынды т.б. операторлар да келер жылы аумағымызда жұмысын бастауды жоспарлап отыр", – деді Қабенов.

Қазақстанда шетелдік операторлардың тағы бір спутниктік интернеті енгізілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.