Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада дүлей дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталды (фото)

Опубликовано:

Астанадағы боран салдары
Астанадағы боран салдары. Фото: gov.kz

Елордада 18 қарашада кешкі уақыттан бастап қатты жел соғып, құрылыстарға зиян келтіріп, ағаштарды құлатып, белгілерді жұлып әкетті. Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Коммуналдық қызметтер аудан әкімдіктерімен бірлесіп, апаттың салдарын жою және қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.

"Өткен тәулікте Астана Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 28 рет шақыруға шықты. Олардың ішінде расталмаған 3 факт, 10 өрт оқиғасы, 12 авариялық-құтқару жұмысы және т.б. Мәселен, Үркер елді мекенінде ауа райының нашарлауына байланысты Ұлттық ұлан әскери бөлімінің бес қабатты казарма ғимаратының шатыры бұзылды. Оның жалпы алаңы 1500 шаршы метрге жетті", - делінген хабарда.

Астанадағы боран салдары
Астанадағы боран салдары. Фото: gov.kz

Байқоңыр ауданында ауа райының қолайсыздығы кезінде 7 автобус аялдамасы опырылып, 6 қоршау зақымдалды. Сол сияқты 6 ағаш құлады.

Сарыарқа ауданында екі қабатты үйдің шатыры бұзылып, артынша "Школьная" мекемесінің электр энергиясы үзілді. Астана-АЭК арқылы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.

Алматы ауданында 8 жол белгісі, 1 жарықтандыру бағанасы, 5 шам, қоршау және т.б. бүлінді.

Астанадағы боран салдары
Астанадағы боран салдары. Фото: gov.kz

"MEGA Silk Way" сауда орталығының негізгі кіреберісінің жанындағы көшеде қатты желден жарнамалық баннер жұлынып, әйел адамның үстіне түсті. Ол №2 ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Нұра ауданында "Evolution" ТК, "Техникум" ТК құрылыс алаңдарында, Сығанақ-Әнет баба көшелерінің қиылысында, Қабанбай батыр даңғылы, 29/4, Қорғалжын тас жолы, 20Б, Омаров көшесі, 21/1 және Тұран даңғылы, 57/1 мекенжайларында қоршауларды қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Коммуналдық қызметтер қатты желден кейін қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Астанадағы ұйытқыған боран кезінде қанша адам зардап шеккені анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046525-astanada-dulei-dauyldan-keiin-qalpyna-keltiru-zumystary-bastaldy/

pixel