Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы ұйытқыған боран кезінде қанша адам зардап шеккені анықталды

Опубликовано:

Аурухана іші
Аурухана іші. Фото: gov.kz

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада қалалық стационарларға медициналық көмек бойынша жүгінген азаматтар бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты түрлі жарақаттары бойынша Көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізген. Олар негізінен көгеру, жара секілді жарақаттармен түскен. Бір баланың аяғы сынған. Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ.

"Науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді. Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты", - делінген хабарда.

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Бұған дейін Астанада боран тұрып, үй қасбеттері мен көліктер қирағанын хабарлаған едік. Синоптиктердің айтуынша, елордада желдің жылдамдығы кейде секундына 23 метрге жеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, айналада бәрі ұшып, құлаған. Әлеуметтік желілердегі фотосуреттер мен видеоларға сүйенсек, қатты жел тұраққа қойылған көліктерді қиратқан, ғимараттардың қасбеттері де опырылған, кейбір жерлерде жарнамалық құрылымдар құлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046509-astanadagy-uiytqygan-boran-saldarynan-qansa-adam-zardap-sekkeni-anyqtaldy/

pixel