jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астанада көше қиылыстарының біріндегі қозғалыс кестесі өзгертілді

қыс кезі
Қыс кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

City Transportation Systems көлік компаниясы астаналық көлік жүргізушілерін жүретін жол бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды. Жол қиылыстарының бірінде қозғалыс тәртібіне өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі City Transportation Systems компаниясының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік даңғылы – Ж. Нәжімеденов көшесінің қиылысында жол қозғалысын ұйымдастыру кестесі өзгерген.

"Енді Тәуелсіздік даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесі жағынан Ж. Нәжімеденов көшесіне оңға бұрылу белгіленген оң жақ шығу бойынша жүзеге асырылады, оған кіру Ш. Қалдаяқов көшесінен кейін бірден болады.

Қиылыс арқылы оңға бұрылуға тыйым салынады. Жүргізушілерден өз бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Елордалық көлік жүргізушілерінен өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қазанның аяғында жөндеу жұмыстарына байланысты Астанадағы № 26, 37, 71, 81 бағыттары бойынша қозғалыс кестесі өзгергені хабарланған болатын.

Қараша айында да жөндеу жұмыстарына байланысты елордадағы №305, №35 және №43 бағыттар бойынша қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілген.

Астанада көше қиылыстарының біріндегі қозғалыс кестесі өзгертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.