Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Ганди саябағы қалай өзгерді (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы Ганди саябағы
Алматыдағы Ганди саябағы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Ганди саябағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Енді жабық воркаут аймағы, балалар алаңдары, жүгіру жолы және тағы басқалар бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, күн сайын екі мыңнан астам адам келетін М.Ганди атындағы саябағын абаттандыру жұрыстары бір ай ішінде "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүргізілді.

Еске салайық, 2 қарашада қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралау кезінде жұмыс барысын бақылаған болатын.

Саябақты абаттандыру соңғы рет бес жыл бұрын жүргізілген. Қала әкімі Жамбыл-Жароков-Шевченко-Гагарин көшелері аумағындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықтандыруды реттеу, жол төсемін, ойын алаңдарын қалпына ретке келтіру туралы бастама көтерді.

Алматыдағы Ганди саябағы
Алматыдағы Ганди саябағы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Енді саябақта мынадай өзгерістер бар:

  • Жаяу жүргіншілер аймағының бойында ыңғайлы демалу үшін орындықтар мен әткеншектері бар 17 пергол орындықтар қойылды. Саябақта барлығы 62 орындық бар, оның ішінде 12 орындық алты жаңа үйшік, 62 жаңа урна қойылған.
  • Ашық ауада әуесқойлар үшін шатыр астындағы тренажерлармен бірінші дәрежелі аймақ жасады. Енді кез-келген ауа-райында спортпен айналысуға болады. Сол шатырдың астына теннис ойнауға арналған үш үстел орнатылды. Жүгіруді қалайтындар үшін ұзындығы 2.2 км ыңғайлы жүгіру жолы дайындалды.
  • Саябақта серуендеу ыңғайлы болды. Жаяу жүргіншілер жолдары асфальтталып, кеңейтілді. Барлығы саябақта 10000 м2-ден астам тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдары төселген. Саябақтың орталық алаңында М. Ганди ескерткішінің жанында берік жабындылар төселген.
  • Енді саябақта шахмат немесе үстел ойындарын стильді жаңа жарықтандырылған үйшіктерде ойнауға болады. 5 ауыз су бұрқағы орнатылды.
  • кішкентай балаларға арналған Ойын алаңы салынды. Бұл туралы аудан тұрғындары саябаққа барған кезде Ерболат Досаевтан өтінген болатын.
  • үй жануарларымен серуендеу үшін саябақта көбірек орын пайда болды. Серуендеу алаңы 800 м2 дейін ұлғайтылды. Кешке саябақты екі жүзден астам шамдар жарықтандырады.

Қала әкімдігінің хабарына қарағанда, саябақ ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында салынған. 2003 жылдың қазан айында саябақтың шығыс бөлігінде үнді халқының саяси және қоғам қайраткері Махатма Гандиге ескерткіш қойылды. Ескерткіш орнатылғаннан кейін саябақ қазіргі атауын алды.

Алматыдағы Ганди саябағы
Алматыдағы Ганди саябағы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046811-almatydagy-gandi-sayabagy-qalai-ozgerdi-foto/

pixel