Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарашаның 23-і Астанада жаңа автобустар жеткізілгеніне байланысты жаңа бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі ресми сайтында.

Әкімдік ақпараты бойынша, №84 жаңа бағыт "Дәстүр" тұрғын үй кешені мен "Қ.Рысқұлбеков көшесі" аралығында қатынайды.

Бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктер Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы қатынайды. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынауы жақсарады.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, бұл "Дәстүр" ТК мен Қ.Рысқұлбеков көшелерінің арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ұлы дала, Р.Қошқарбаев даңғылдарында, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Қ.Рысқұлбеков көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді арттырып, қолданыстағы №14, 32, 49, 50, 56 бағыттарының жүктемесін азайтады.

Еске салайық, бұған дейін қарашаның 15-і Алматыда екі жаңа автобус бағыты жолаушыларды тасымалдай бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2046907-elordada-zana-avtobus-bagyty-iske-qosylady/

pixel