jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда тағы екі жаңа автобус бағыты ашылды

Автобустар
Автобустар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бүгіннен бастап №235 және №89 екі жаңа автобус бағыты жолаушыларды тасымалдай бастады, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдік мәліметінше, Алматыда "Сәлем" базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүретін №235 жаңа қала маңына қатынайтын бағыт ашылды. Шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты.

"Бұл Алматы агломерациясын дамыту аясында ашылған алтыншы бағыт. 2024 жылдың соңына дейін 50 елді мекенді қамтитын 20 жаңа қала маңы маршрутын ашу көзделген", - делінген хабарламада.

Бұған қоса 15 қарашадан бастап "Райымбек батыр" метро бекетінен Іле ауданындағы Gate City ТҮК-не дейін №89 жаңа қалалық маршрут жүре бастады. Бұл бағытқа үлкен сыйымдылықтағы 13 автобус қызмет көрсетеді.

Қала әкімдігі Алматының өзінде жыл басынан бері 22 қалалық бағыттың жылжымалы құрамы жаңартылғанын мәлім етті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.