jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматыда көшелердің бірі жөндеуге уақытша жабылады

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Байзақов көшесінің учаскесі жөндеуге уақытша жабылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметі ақпараты бойынша, Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақтағы жол төсемі орташа жөндеуден өтеді. Қарашаның 21-і сағат 23:00-ден 22 қараша сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы жабылады.

Тендерді ұтып алған мердігер 2023 жылдың тамызында жол жабынының беткі қабатын алып тастағанымен, жаңа жол жабынының жоғары қабатын төсемеген. Тапсырыс берушінің келісімінсіз жұмыс тоқтап, тек қазан айында қайта басталды.

Бұл ретте қазіргі таңға дейін түзетілмеген бірқатар ақау анықталған. Мердігермен келісімшарт бұзылып, оны жауапсыз компания деп тану үшін материалдар сотқа жіберілді.

Бүгінде бизнес әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше мердігер ұйым бірігіп жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Алматыда көшелердің бірі жөндеуге уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.