jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елімізде қатты дауыл тұрып, -15 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

құс
Құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Атап айтқанда, 23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 23-24 қарашада солтүстік-батыста, 24 қарашада солтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Кейінірек, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта ауа райы біртіндеп тұрақталып, күн ашылады деп болжануда.

Республика бойынша жел 15-28 м/с күшейеді, 23 қарашада солтүстікте, солтүстік-батыста, 23-24 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыста 30 м/с дейін өте қатты жел тұруы мүмкін. Елдің солтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде.

Сонымен қатар батыста түнде -15 градус... +2 градустан -8 градус...+8 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде -3...-15 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -6 градус...+5 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыста -10 градус...+3 градус болады деп болжанады.

Алдағы күндері елімізде қатты дауыл тұрып, -15 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.