jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматы полициясы қала тұрғындарына үндеу жасады

Алматы көшелерінің бірі
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Ауа райының нашарлауы бірінші кезекте жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған орай, көлік жүргізушілеріне көліктерін қыс маусымына алдын ала дайындап, дөңгелектерін ауыстыруға шақырамын. Ал ең бастысы – жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеру. Бұл қала жолдарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі. Өзара сыйластық пен тәртіп – жол қауіпсіздігінің кепілі және еліміздің ең ірі қаласында жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың шешуші факторларының бірі", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Сондай-ақ ведомство ақпараты бойынша, биыл 10 айда Алматыда 2991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3211 адам жарақат алған.

Полицей құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және т.б. қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.

Оның айтуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған.

Алматы полициясы қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.