Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үлкен ағаш құлап, көлік қозғалысы жолды жауып тастады (видео)

Опубликовано:

Ағаш құлап жатқан сәті
Ағаш құлап жатқан сәті. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Алматыда үлкен ағаш көлік қозғалысы жанданған жол қиылысына құлады. Бұл жайт жүргізушінің видеотіркеу камерасына түсіп қалған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Qumash Telegram-арнасында жарияланған видеодан ағаш тамырымен жерден жұлынып, құлаған кезде жолды көлденең бөгеттеп тастағанын көруге болады.

Алматы қаласы құтқару қызметі баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне берген ақпараты бойынша, аталған жайт Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Жолды тазарту үшін "109" құтқару қызметінің күштері мен құралдары және "102" қызметкерлері жіберілген.

Еске салайық, тамызда Алматыда Алмалы ауданында ағаш бірден екі көліктің үстіне құлағаны туралы жазған едік. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ал шілдеде Алматыдағы Медеу ауданы прокуратурасы ғимаратына ағаш опырылып құлағаны хабарланған болатын. Қала басшылығы оқиғаның мән-жайын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047234-almatyda-ulken-agas-qulap-kolik-qozgalysy-zoldy-bogettep-tastady-video/

pixel