Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жолаушы такси көлігінен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен (видео)

Опубликовано:

Ұрланған сөмке түсірілген видео кадры
Ұрланған сөмке түсірілген видео кадры. Фото: polisia.kz

Астанада жекеменшік такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау кезінде көліктен сөмкенің жоғалғанын байқаған. Ер адам полиция басқармасына жүгінді. Сөмкенің ішінде 9 млн теңге көлемінде қаражат болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство ақпараты бойынша, Нұра ауданы полиция басқармасына такси жүргізушісі жүгініп, 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмке жоғалғанын хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасымалдау арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Бұл жолы да астаналық әдеттегідей досының көлігін алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан. Бірақ ер адамның досы көлігінде сөмкесін ұмытып кеткен, ал жекеменшік такси жүргізушісі салонда ақшасы бар рюкзак болғанын білмеген.

Ведомство өкілдері түнгі уақытта такси салонына 17 адамның отырғаны белгілі болғанын айтты.

Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайды анықтаған. Осылайша бейнебақылау камераларына қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам түсіп қалғанын байқаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер 30 жастағы жолаушыны анықтаған, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Діттеген мекенжайға жеткеннен кейін күдікті бөтеннің мүлкін алып кеткен.

Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ведомство өкілдері елорда аумағында ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047250-astanada-zolausy-taksi-koliginen-9-mln-tengesi-bar-somkeni-urlap-ketken/

pixel